Тұрағы

Таңбалы I тұрағы; (N  43º47´48,3´´E 075º31´47,1´´) таулы аралық жазықтықта орналасқан. Жоғарғы қабатында шеңбер тәріздес төрт тастан қаланған қабырға қалдықтары сақталған. Құжаттарға қарағанда металл әшекейлерінің сынықтары, қыш ыдыстар қалдықтары, сүйектен жасалған шаруашылық заттарының қалдықтары табылған.

Қазба жұмыстары тек екі қонысқа – Таңбалы І және V жүргізілді. Айтарлықтай маңызды стратиграфиялық мәліметтер төрт тарихи кезеңнің мәдени қабаттарынан құралған. Таңбалы І қонысынан 2,8-3,2 м тереңдіктен жақсы сақталған кейінгі қола дәуіріне жататын (калибрлі мерзімі бойынша б.з.д. ХІІ-Х ғғ.) еден үстінде ошағы мен еден астына қойларды ғұрыптық жерлеген баспананың іргетасы анықталды; доғал пішінге жататын станокта жасалған керамикалық кешен және қара түспен жылтыратылған ыдыстардың сынықтары табылды. Оның үстінен ерте темір ғасырына (үш калибрлі мерзім бойынша б.з.д. VI/V – IV ғғ. және б.з.д. II ғ. – б.з. I ғ.) жататын екі өрт қабаты жапқан, сонымен қатар кейінгі орта ғасырлар (XVI–XVII ғғ.) мен этнографиялық кезеңдегі (ХІХ – ХХ ғғ. шегіндегі) тас құрылысының қалдықтары шықты. Қоныстың әртүрлі қабатынан 14С және ЭПР әдісі бойынша оннан астам калибрлі мерзім алынды.

Таңбалы І қонысынан қалған тастардан барлық кезеңнің мәдени қабатының суреті бар құрылыс тастар шықты. Әсіресе ерте темір дәуіріне қатысты бейнелердің көрнекті топтамасы шыққан, өрт қабатының калибрлі мерзімі б.з.д. V–IV ғғ. жатады. 

Таңбалы І тұрағының бас жоспары

Таңбалы І тұрағынан табылған жәдігерлер

Тұрақ маңындағы жартас суреттері

Жартастағы салынған суреттер 100-ге жуық бейнелерден тұрады. Қола дәуірі, ерте темір, орта ғасыр кезеңдерін қамтиды.

Орта ғасырлық пілге мінген адам

Таңбалы V тұрағы (N  43º47´33,4´´E 075º33´03,12´´) сол жақ жағалаудағы кең көлемді жерді алып жатыр. Жоғарғы қабатында 2-3 тас қоршаулары сақталған. 1992 жылы арнайы стратиграфиялық шурф жүргізілді. Ерте темір дәуір кезеңі.

Таңбалы V тұрақ маңындағы жартас суреттері

Тұрақтағы жартас суреттері

Сол жақ қапталдағы оңтүстік ылдида орналасқан. 150-ге жуық бейне бейнеленген. Жануарлар  мен аңшылар бейнелері, ерте темір дәуірі.

Таңбалы V тұрағындағы жартас суретінің микаленттік көшірмесі

Таңбалы V тұрағының маңындағы жартас суреті 

Шошқалы шатқалы