Иконки соц сетей

Жартас суреттері

Таңбалы жартас суреттері

Таңбалы шатқалындағы ескерткіштердің ең көп кездесетін түрлері айтарлықтай маңызды болып табылады. Жартасқа салынған барлық суреттер тегіс тас беттеріне нүктелеп құру техникасымен, сирек жағдайда металл құралдар немесе тастың көмегі арқылы нақышталып орындалған. «Таңбалы» кешеніндегі белгілі петроглифтер орнының саны 48-ге жетеді, оның жетеуі негізгі орындар (І-VII топтар), онда барлығы шамамен үш мыңдай сурет бар, ал 22 орында суреттердің саны 50-ден 100-ге дейін. Жалпы алғанда сайдың барлық аумағынан 1-ден 50-ге дейін суреті бар шағын орындар кездеседі. Таңбалы кешеніндегі петроглифтердің жалпы саны 5000-ға жуықтайды. 

«Таңбалы» қорық-мұражайының қазіргі кездегі Сапаршы Орталығы

Таңбалы жартас суреттері. Негізгі экскурсилық бағыт жартас суреттері салынған топтардан басталады. Таңбалыдағы мыңдаған жартас суреттерінің көпшілігі Оңтүстік Қазақстан, Жетісу андронов мәдениеті мен тарихи бақташылық кезеңдеріне тән (б.з.д. XIV-XIII ғғ.). Қола дәуіріндегі жартас суреттері Орта Азия аумағында салыну үлгісі мен ерекшеленеді. Ерекше салынған жартас суреттері 25-75см-ден 1метр көлемде кездеседі.

II топтың белгіленген жартас беттері.

II топ жартас суреттері (N 43º48´13,28´´; E 075º32´14,14´´). Қола дәуірі, ерте темір дәуірі. Бұл жерде 400-ден астам жартас суреттері бар. Қола дәуірі бейнелері (б.з.д. XIV–XIII ғғ.). Таңбалыдағы көне де әсем суреттердің бірегейі, жабайы жануарлардың бейнесі, бұғы, жылқы, бұқа, қасқыр т.б. сонымен қатар антропоморфтық бейнелер, фантастикалық үлгідегі бейнелер, бет перде киген садақшы бейнелері кездеседі. Суреттер үлкендігі 25-75 см, терең қашалып салынған. Б.з.д. 1 мың жылдықтағы сақ дәуірінің аң стильіндегі бейнелер де ерекшеленеді.

Орталық аумақтағы II топта бейнеленген  қола дәуіріндегі жартас суреттері.

II топтағы антропоморфтық бейнеленген сурет,  қола дәуірі.

III топ жартас суреттері  (N 43º48´13,16´´; E 075º32´14,42´´). Қола дәуірі, ерте темір, орта ғасыр. Бұл топта 400 жартас суреттері бар. (Б.з.д. XIV–XIII ғғ.) негізгі суреттер қола дәуірінікі, кейінгі дәуіргі суреттері жаңартылған. Олар жабайы жануарларды аулау бейнелері. (Құлан, тау ешкісі) бұқаны т.б. құрбандыққа шалу суреттері де бар. Жауһар суреттерінің бірі бұқа үстіндегі күн басты және бұзаулы сиыр суреттері. (Б.з.д. XIV–XIII ғғ.) соңғы қола дәуіріне тән құрбандық шалу бейнелері бар. Б.з.д. 5 ғасыр сақ дәуіріне тән аң стильінде салынған суреттер мен қолында қаруы бар жауынгер суреті кездеседі.

Бұқа үстіндегі күн басты

Мифтік ұғымдағы бұзаулы сиыр.

IV топ жартас суреттері (N  43º48´13,18´´; E 075º32´05,04´´). Қола дәуірі, ерте темір, орта ғасыр және жаңа заман суреттері.Суреттер салынған жартас Таңбалыдағы ашық аспан астындағы ғибадатхананың орталығы болып есептелінген. Бұл жерде 700-ден астам жартас суреттері бар.

(Б.з.д. XIV–XIII ғғ.) қола дәуіріне тән 6-күн басты бейнесі, қосымша ерте темір дәуірінің суреттері (VI–V ғғ.)  және орта ғасыр суреттері IX–Xғғ, түркі дәуірінің руникалық жазбалары XVII – XVIII ғғ. Ойраттық табыну жазбалары «Ом мани пад ме хум»  XIX – XXғғ. Ұлы жүз Дулат руының таңбалары кездеседі.

IV топ, қола дәуірі «күнбастылардың» бейнелері.

Топтың орталық аумағындағы қола дәуіріне тән 118-ші жартас бетінде күнбастылар суреттері орналасқан. Бұл ашық аспан астындағы ғибадатхана Таңбалыдағы ең биік тігінен орналасқан жартас. Суреттер оңтүстікке бағытталған бейнелерге жарық түсуі жақсы қарастырылған. Жартас суреттері әр кезеңді қамтиды, 52 сурет бейнеленген.

118-ші жартас беті

Қола дәуіріндегі бірегей  пантеон айырықша құндылыққа ие, онда белгілі тәртіппен және әрқайсысы өзінше ертедегі пұтқа табынушылықтың 7-діни кейіпкерлерімен бейнеленген, ал төменірек  10-жауынгер, жас босанған әйел және дұғаға қолдарын жайып отырған адамдар бейнеленген.

V топ жартас суреттері (N  43º48´13,28´´; E 075º32´14,14´´). Қола дәуірі, ерте темір, орта ғасыр суреттері. Бұл жерде 1000-нан астам жартас суреттері бар. Бұқа, жылқы т.б. жануарлар суреттері (б.з.д. XIV–XIII ғғ.) қола дәуіріне тән. Орта ғасырдағы отырған антропроморфтық бейне бейнеленген.

Отырған антропроморфтық бейне

«Аң» стильіндегі бұғы бейнесі, ерте темір дәуірі V топ.

V топтағы жануарлар бейнесі, қола дәуірі.

Сұңқарсай шатқалының жалпы көрінісі.

Қазіргі таңда туристік бағыттар бойынша VI- топ тарихи ескерткіштері туристтерге көрсетілуде (N  43º47´35,15´´; E 075º32´11,94´´).

VI-топ жартас суреттері

VI – топтағы әр дәуірдің суреттері бейнеленген негізгі жартас беті.

Жартас суреттері бар шатқал ортаңғы аумақтан 1 шақырым қашықтықта орналасқан, оңтүстікке қарай 150 жартас бетінде қола дәуірі, орта ғасыр және қазіргі заман жартас суреттері бейнеленген. Шатқалда түркі дәуірінің суреттері ретімен топтаса орналастырылған. Нақты осы жерлерден көшпелілердің тұрмыс ағымы, дәстүрлері, таңбалары, қысқа руникалық мәтіндер үзінділері кездеседі.

VI-топ шатқалының белгіленген жалпы көрінісі

VI-топтағы көне түркі суреті

Археологиялық тарихи кешен арнайы жартас суреттерін зерттеушілермен студенттерге көрсетіуге арналған. «Таңбалы» кешенінің шатқалдары қиыршық тасты, таулы аймақты болып келеді. Теңіз деңгейінен биіктігі 920-980 метр. Таңбалы кешеніндегі жартас суреттері қола дәуірінен бастау алып қазіргі заманға дейінгі әлем танушылық пен мәдениеттің бастамасы болатын әлемдік мәдени мұраға тән тарихи құнды аймақ.

Осы аймақтағы кішігірім шатқалдың кіреберісінен өзен жағасынан жартастағы суреттерді толықтай көруге болады.

Көне түркі дәуіріндегі белгілер мен таңбалар

Осы топты қосқанда Таңбалы орта аумағы қола дәуірінің ортаңғы кезеңіндегі үлкен қасиетті аймақ болған. Тарихи кешен басқа аймақтағы ескерткіштерден ерекшелене түседі.

Тарихи кезеңдердің ғұрыптық белсенділігін нақтылайды.

Қорық-музейдің аумағындағы жазықтықтарында қола дәуірінен орта ғасырлық тұрақтар мен қабірлер көптеп кездеседі. Ортаңғы шатқалдағы туристік бағыттарды арнайы мамандармен бірлесе отырып жоспарлы түрде келісіп жасалған. 

ЮНЕСКО – ның дарынды оқушыларына экскурсия

Кешеннің жазықтығында Таңбалы жерлеу орыны негізгі тарихи ескерткіштердің бірі болып есептеледі. Қазіргі таңда толық зерттелген қола дәуірне тән Қарақұдық II, Таңбалы II қабірлері.

Шатқал аумағында белгілі жеті қола дәуірінің жерлеу орындары бар, (Таңбалы I, II, IV-VII, Қарақұдык II) барлығы Таңбалы өзенінің оң жақ және сол жақ жағалауларында орналасқан. Таңбалы I, IV, V, VII қабірлері 250-400 кв. метр жерде 15-20 жерлеу орындары кездеседі. Ең ірі жерлеу орындары Таңбалы ІІ, VІ және Қарақұдық қабірлері. 500-ден 1500 кв. м. жерде 30-50 жерлеу орындары алып жатыр.

Таңбалы қабірінен табылған қыш ыдыстар, қола дәуірі

Аталған тарихи ескерткіштерге қазба жұмыстары мен зерттеулер жүргізген кезде әр кезеңге тән мәдени хронологиясын жас ерекшелігі анықталған. Қола дәуірінің барлық қабірлері андронов мәдениетінің тарихи ескерткіштер шеңберіне кіреді. Таңбалы I, V, VI, кешендегі ең көне тарихи ескерткіштердің бірі б.з.д XIV-XIII ғасырдың екінші жарты жылдығын қамтиды. Бұл ескерткіштерде дәстүрге сай мәйітті төртбұрышты тас жәшіктер ішіне қырынан жерлеген.

Таңбалы-I және Таңбалы-II қабірлеріндегі жерлеу сұлбасы

Таңбалы II, IV және Қарақұдық II ескерткіштері жетісулық түрінің бергі қола дәуірі б.з.д. XIII/XII ғасырлар аралығын қамтиды.

Таңбалы II және Қарақұдық II тас жәшіктегі жартас беттерінде антропоморфтық және жануарлар бейнелері бейнеленген. Кешенде обалық жерлеулерінің бірнеше түрлері анықталды, өзгеше үйінді жасап және көму құрылымымен. Ең үлкен 2-3, 10 жерлеу қабірлері тау етегіндегі жазықтықта орналасқан. Таңбалы тұрағы шатқалдың таулы аймағындағы жазықтықта  орналасқан. Тұрақтың ауданы 300-ден 1200 кв. метрдегі кішігірім шатқалды алып жатыр. Топографиялық ерекшелегіне қарамастан барлық аумақ оңтүстік немесе оңтүстік шығысқа бағытталған.Негізгі стационралық құрылымдар (тұрақтар, мал қоралары), сонымен қатар маусымдық кезеңге байланысты тұрақтар кездеседі. Таңбалыдағы тұрақтардың көпшілігінің мәдени қабаты көп қабатты тарихи ескерткіштер кезеңінен тұрады. Қазба жұмысы Таңбалы I және V тұрақтарына жүргізілген. Негізгі мағлұматтар Таңбалы І қабірінен алынған.

(VII топ) Сұңқарсай жартас суреттері (N  43º48´31,95´´; E 075º31´48,44´´).  Таңбалы шатқалының ортаңғы аумағынан солтүстік-батысқа қарай 700 метр жерде орналасқан. Негізгі суреттер шатқалдан шыға берісте орналасқан. 150-жартас бетінде 500-ге жуық кейінгі қола дәуірі, сақ дәуірі, сонымен қатар орта ғасырлық жартас суреттерін құрайды. Жаңа заман суреттерін де кездестіруге болады. 2011 жылы толық құжаттандырылған, осы жылы туристік бағыт болып ашылған.

Жартас суреттерінің көпшілігі ерте темір дәуірі, орта ғасыр, қола дәуірі кезеңдерін қамтиды.

Өмір бастамасы осы дәуірдің анқытамасы ретінде мүйізді бұғы суреттері салынған. Сұңқарсайда ерте темір және орта ғасырлық бейнелері басым.

Өз кезеңіне ерекше тән бере отырып нақты түркі дәуірінің суреттері бейнеленген: бірнеше атты адам, жыртқыш құспен аң аулаушы және садақшы бейнелері бейнеленген.

Орта ғасырлық таңбалар мен қайта жаңартылған (палимпсест) бейнелер кездеседі.

Таңбалар кейінгі кезде жартастар мен тұрақтардың қабырғаларынана салынған. Кешеннен шалғай жазықтықта «мұртты қорған» орналасқан.

Сұңқарсайдағы негізгі орта ғасырлық суреттер жиынтығы

Сұңқарсай шатқалының жазықтығындағы «мұртты қорған»

(N  43º48´43,6´´; E 075º32´01,8´´) сұңқарсай туристік бағытымен жүрген кезде қосымша тарихи ескерткіштердің бірі «мұртты қорғанды» (таспен қаланған) көруге болады.

Ескерткіш 1957 жылы 1-5 қазанда зерттелген. Ерте темір және орта ғасыр кезеңін қамтиды. Қорғанның құрылысы орталық қорған (d – 6 м, h – 0,5 м тас үйіндісі) және екі доғал мұртша, солтүстік- шығысқа және оңтүстік - шығысқа бағытталған. Екі мұртшаның соңында кіші қорған орналасқан (d – 2 м, h – 0,2 м). Қазба кезінде қорғаннан мәйіт табылмаған. Мұртшаларға қазба жүргізілмеген.  Ескерткіш 2005 жылы қалпына келтірілген.

1950 жылдағы «мұртты қорғанның» қазбасы

Шошқалы жартас суреттері (N  43º49´22,64´´E 075º29´29,71´´)

Таңбалы қорық-мұражайының солтүстік – батысында орналасқан. Жартас суреттері Шошқалы шатқалы арқылы өтетеін Ойсу өзенінің жағалауында орналасқан.  Ландшафтың бастапқы қалпы сақталған.

Таңбалыдағы бұқа суреті Құлжабасындағы бұқа суретімен ұқсастығы бар. Көне кезеңдегі суреттердің бірі. Жартас суреттерін А.С. Потапов зерттеп жариялаған. Негізгі суреттер өзеннің оң жақ жағалауында жартасқа оңтүстік батысқа бағытталып қашап салынған. Бұл жерде 100-ден аса жартас беттері бар. Суреттер әр кезеңде салынған, қола дәуірінен бастау алып орта ғасыр кезеңін қамтиды. Аң стильіндегі сақ дәуірінің суреттері де кездеседі. Бұл аймақта 2011 жылы халықаралық семинар кезінде тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп нәтижесінде шатқалдағы тарихи ескерткіштерге археологиялық карта жасалды.

Шошқалы археологиялық картасы

Шошқалы жартас суреттері Таңбалы және Қарақыр шатқалдарынан 4 шақырым жерде орналасқан. Болашақта арнайы саяхатшылармен жартас өнерін зерттеушілерге арналған нысан болатыны жоспарлануда. 

 

Шошқалы шатқалындағы Ойсу өзені 

Қарақыр тауының көрінісі

Таңбалы табиғаты 

Шу-Іле тауларында атмосфералық жауын-шашын мөлшері көп болмайды. Жаз айларында жоғары температурадағы аптап ыстық кезінде жыл бойғы жауын-шашын мөлшері 250 мм-ден аспайды. Тек орта шеніндегі неғұрлым шоқтығы биік бөлігінде ғана әжептеуір артық болып, 300 мм-ге жетеді. Соның салдарынан аймақта су тапшылығы орын алған. Шу-Іле тауларынан бастау алатын бүкіл өзендер көктемгі еріген қар суларымен ғана толығады.

Шу-Іле тауларының аумағында 900-ден аса өсімдіктер түрі кездеседі. Олардың шамамен 80 оңтүстік түрлері осы аймақта өседі. Көктем айында бұл аймақ өте әдемі, өйткені барлық аймақ көктем гүлдерімен көмкеріледі. Жазық аймақтарда герань түймегі, көктем бұршағы, риндера, аистник, персиялық раушан, татар иксилироионы және пиязшықтар өседі. Кейбір аймақтарында толықтай бузе қызғалдағы өседі.

Мұнда сортаң дала топырағында өсетін жусанды - дәнді шөптерден басқа өсімдіктер дүниесі өте жұтаң. Жергілікті табиғатқа тән өсімдіктер қатарында сұр жусан (Artemisia sublesingiana), бетеге (Festuca sulkata) және ақселеу (Stipa capillata) бар. Жер асты сулары тұзды сортаң болады. Ағашты-бұталы өсімдіктер негізінен шатқалдарда кездеседі. Олар: тал, қайың, қараған, итмұрын, шетен. Топырақта құрт болмайды, есесіне көптеген қоңыздар мен өрмекшілер, олардың індері көп. Сондай-ақ құмырсқаның илеуі, жыландар, бақа-шаяндар мен кеміргіштер жиі кездеседі.

Бірнеше мыңдаған жылдар бұрын бұл жердің табиғаты қазіргіге қарағанда ылғалды және жұмсақ болған, өзендер суға толы, жағалауындағы аңғарлардың жайлымдық шөбі шүйгін болған.

Зерттеулер бойынша ерекше және сирек кездесетін Қазақстанның «Қызыл Кітабына» енгізілген Регель қызғалдағы (эндемик Оңтүстік Қазақстанда, Шу – Іле тауларында өседі), Юнона Кушакевича (эндемик Шу – Іле тауларында, Қаратау бөктерлерінде және Қырғыз Алатауында өседі), Жетісулық Недзецкии кекіресі (эндемик дүние жүзі бойынша тек қана Шу – Іле тауларында өседі ), Альберт қызғалдағы (Tulipa alberti), Колпоковский қызғалдағы (tulipa Kolpakowskiana) сонымен қатар жабайы шие (cerasus asiatica), қоқандық розуляриясы (rosularia kokanica), алматы желайы (anemone almaatensis), ледебура шайшешегі (cyridalis ledoboreana), домалақ шренкия (schrenkia involucrata), астрагал шренкасы (astragalus schrenkianus), күнжіт астрагалы (astragalus sesimoides), итқызғалдақ павлині (papaver pavoninum), тulipa buhseana, еphedra, ranunculus regelianus, roemeria refracta, rhinopetalum Karelinii, rindera tetraspis, tragopogon rubber, glaucinum elegans,      misumena өсетн өсімдіктер анықталған.