Тарихи-мәдени ескерткіштер

          1957 жылы ҚазКСР-і ҒА Оңтүстік Қазақстан Жетісу археологиялық экспедициясы ашылып, Анна Георгиевна Максимованың жетекшілігімен Таңбалы  кешенінің жартастағы суретіне және қабірлеріне  қазба жұмыстары жүргізілді.

         Таңбалыдағы жартас суреттері және археологиялық қазба жұмыстарын  кейініректе А.Г. Медоев, А.Н. Марьяшев, Б.Ж. Аубекеров, А.С. Ермолаева, А.Е. Рогожинский, Ю.А. Мотов, А.А. Горячев, С.А. Потаповтар, сонымен қатар басқа да отандық  және шетелдік зерттеушілер жалғастырды.

        Таңбалы шатқалындағы ескерткіштердің ең көп кездесетін түрлері айтарлықтай маңызды болып табылады. Жартасқа салынған барлық суреттер тегіс тас беттеріне нүктелеп құру техникасымен, сирек жағдайда металл құралдар немесе тастың көмегі арқылы нақышталып орындалған. «Таңбалы» кешеніндегі белгілі петроглифтер орнының саны 48-ге жетеді, оның жетеуі негізгі орындар (І-VII топтар), онда барлығы шамамен үш мыңдай сурет бар, ал 22 орында суреттердің саны 50-ден 100-ге дейін. Жалпы алғанда сайдың барлық аумағынан 1-ден 50-ге дейін суреті бар шағын орындар кездеседі. Таңбалы кешеніндегі петроглифтердің жалпы саны 5000-ға жуықтайды.

         Тарихи инфраструктураны ұйымдастыру археологиялық кешенде жүргізілген бұрынғы ғылыми зерттеулерді  қарастыра отырып, тек ескерткіштің ерекше қорғау аумағын ғана емес, сонымен қатар оның аралық аймағын да зерделеу керек болды. Қорық-музей экспозициясының ерекшеліктеріне ескерткіш аумағындағы жүргізілетін экскурсияны, «Таңбалы» қорық-музейінің мамандандырылған жолбасшылары (гид) мен қызметкерлері жүргізеді. Экскурсияны жүргізу тау алды жазықтығында орналасқан «кейінгі қола кезеңіне» (б.з.д. XII-X ғғ.) жататын қорымнан басталады. Ары қарай экскурсия маршруты бес топқа бөлінген петроглифтердің көпшілік мөлшерде шоғырланған орны және кейінгі қола дәуірінің Таңбалы-II қорымына баратын қорық-музейдің орталық бөлігі бойынша өтеді. Петроглифтерге танымжорық II-топтағы жартас суреттерінен басталады.

Экскурсиялық бағыттағы ақпарат тақташасы

       1998 жылы Таңбалы археологиялық ландшафтының құндылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасы оны Бүкіләлемдік Мұралардың Алдын ала Тізіміне енгізді.

       2002 жылы Таңбалы археологиялық ландшафты Республикалық мәндегі ескерткіштердің Мемлекеттік тізіміне енгізілді.

       2003 жылғы 19 желтоқсанда ЮНЕСКО-Норвегия-Қазақстанның «Менеджмент, консервация және Таңбалының жартастағы өнер ескерткіштерін таныстыру» жобасын іске асыру туралы Қазақстан Үкіметі және ЮНЕСКО арасында Келісімге қол қойды.

        2004 жылдың басында Таңбалыны ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енгізу үшін қажетті құжаттамаларды дайындау үдерісі аяқталу кезеңіне кірді. 2004 жылы ЮНЕСКО-Норвегия-Казақстанның жобасын іске асырудың басты міндеті  Таңбалы бойынша Мастер-менеджмент Жоспарын және Суб-Жоспарын әрі қарай ЮНЕСКО-ның ісі бойынша Ұлттық комиссия арқылы  Бүкіләлемдік Мұралар Орталығына ұсыну үшін әзірленімдерін аяқтады.

        2004 жылғы  30 маусымда Таңбалы археологиялық Ландшафтының Петроглифтері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енгізілді. Бұл бұдан былай  ең көрнекті Жердің мәдени және табиғи ескерткіштерінің тізімінде.  

 

Ортаңғы аумақтағы негізгі жартас суреттерімен топтардың сұлбасы.

 

            Сонымен бірге өңірде кешенді зерттеулер жүргізудің келешегі мол, өйткені белгілі бір шамада Таңбалының ерекшелігі, жартас өнері мен оның табиғаты жөніндегі мәселелерді пысықтауға септігін тигізеді, ескерткіштің хронологиясына, этно-мәдени қатыстылығына және тағы да басқа біршама тар шеңбердегі сауалдарды шешеді. Сондықтан Шу-Іле аймағындағы, Жетісу өңіріндегі ғылыми зерттеулер бойынша жұмыстарды «Таңбалы» қорық-музейіне үйлестіруге бағытталған.

          «Таңбалы» қорық-музейінің айрықша ерекшелігінің бірі өзімен аттас сайда, табиғи жағдайда ашық аспан астында негізгі экспозициясының орналасуы ескерткіштің археологиялық кешені ретінде тұтастығын құрайды. «Таңбалы» қорық - музей қызметкерлері мәдени ескерткіштерді, ғылыми-зерттеу өндірістік институтының (ЗМЕ ҒЗӨИ) жобалау тобының, Таңбалыдағы орталық аймаққа туристік маршрутты ұйымдастырудағы атқарған мол тәжірибесіне сүйене отырып жұмысын жалғастыруда.

Экскурсиялық бағыттағы туристтерге арналған орын.