20 маусым 2019 жылы Ақтоты Райымкуловамен кездесуі өтті.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрі Ақтоты Раxметоллақызы Райымкулованың xалық алдында есеп беру кездесуі. Нұр-Сұлтан қаласы, «КазМедиа орталығы»киноконцерт залында. 

Толығырақ...

«Таңбалы» қорық музейін насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған «Баспасөз-туры» ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 14 маусымында Қарабастау ауылында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи- мәдени және табиғи қорық музейін кеңінен насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған «Баспасөз-туры» ұйымдастырылды.
​Шараның негізгі мақсаты- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Таңбалы» петроглифтерінің насихатталу деңгейін арттыру бағытында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кешенді жұмыс жүргізуді ұйымдастыру. 
Баспасөз турына республикалық, облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының бірқатар өкілдері қатысып, «Таңбалы» табиғи қорық - музейінің өткені мен бүгіні, болашақтағы атқарылатын жұмыс бағыттары еліміздің туризм саласын дамытудағы рөлі туралы толық мағлұмат алып, жаңадан бой көтеріп жатқан «Сапаршы-орталығының» құрылысымен танысып, «Таңбалы» кешеніне саяхат жасады.

Толығырақ...

«Таңбалы» петроглифтері бейнеленген кәдесыйлар

«Таңбалы» мемлекеттік тарихи - мәдени және табиғи қорық музейінде «Таңбалы» петроглифтері бейнеленген отандық өндірушілер тарапынан жасалған кәдесыйлар мен естелік бұйымдар сатылымға енді. 

«Таңбалы» кешеніне алыс, жақын шет елден және республикамыздың түпір- түкпірінен келетін туристер аталған бұйымдарды естелік ретінде сатып алуына мүмкіндіктер қарастырылған.

Толығырақ...

«Таңбалы тарихтан сыр шертеді» атты байқау

«Таңбалы тарихтан сыр шертеді» атты сайыстың
ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Таңбалы тарихтан сыр шертеді» атты әдеби-өлкелік-тарихи республикалық байқауы өткізіледі.
Байқаудың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу, ұланғайыр даланың ұлы өркениетін қалыптастырған батыр бабаларымыздың қайсар мінезін ту ету, солар аманат етіп қалдырған қасиетті атамекеннің тарихын, мәдениетін тануға ықпал ету.
Байқаудың шарттары:
Байқауға қатысу үшін әрбір қатысушы музейдің әлеуметтік желідегі парақшаларына тіркелуі қажет:
Instagram:tanbalymuseum
Facebook: tanbalymuseum/?ref=bookmarks
Web: www.tanbaly.kz
Байқауға қатысушылардың өтінімдері мен туындылар 2019 жылдың 29 мамыры мен 22 шілде аралығында қабылданады.
Сайысқа 8-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады.
- «Таңбалы тарихтан сыр шертеді» тақырыбына сурет салу (А3 форматында);
- «Таңбалы тарихтан сыр шертеді» тақырыбына ертегі (ертегі А4 форматында 2 беттен аспауы тиіс);
- «Таңбалы тарихтан сыр шертеді» тақырыбына өлең; (өлеңнің көлемі мен санына шектеу қойылмайды)
- «Таңбалы тарихтан сыр шертеді» тақырыбына шығарма жазу (шығарма А4 форматында 2 беттен аспауы тиіс).
Сайыс барысында арнайы әділқазылар алқасы құрылып, жұмыс істейді. Олар қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жұмыстарды іріктеп, номинациялар бойынша бөледі. Жас ерекшеліктері 3 топ бойынша анықталады:
(8-10 жас аралығы) – кіші топ;
(11-13 жас аралығы) – ортаңғы топ;
(14-16 жас аралығы) – жоғарғы топ.
Байқауда озық шыққандар бағалы, заттай сыйлықтармен марапатталады. Ұйымдастырушылар тарапынан диплом, сертификаттар беріледі. Үздік шыққан жұмыстар музейдің ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.
- Бас жүлде – 1.
- Бірінші орын – 2.
- Екінші орын – 2.
- Үшінші орын – 3.
- Ынталандыру сыйлықтары – 3.
Сайыстың қорытындысы 2019 жылдың 16 қыркүйегінде жарияланады. Сайысқа қатысушылар өз жұмыстарын төменде көрсетілген мекенжайға жолдаулары тиіс.
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы
Байланыс телефондары: +7 (72770) 3-07-32
Электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Конкурс туралы ақпаратты музейдің ресми www.tanbaly.kz сайтынан ала аласыздар.

Толығырақ...

"Таңбалы" қорық-музейінің қызметкері Түркия елінде

Үстіміздегі жылдың 11 - 25 мамыры аралығында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи- мәдени және табиғи қорық музейінің ғылыми зерттеу, қор сақтау және экскурсиялық көпшілік жұмыстары бөлімінің басшысы Шарипов Ринат Қалимолдаұлы Түрік Республикасының Анкара қаласындағы Анкара Хажы Байрам Вели университеті Түрік халық білімін зерттеу және тәжірибе орталығының материалдық емес мәдениет мұралары музейінде ғылыми іс-тәжірибеден өтті. Ғылыми тағылымнама нәтижесінде жаңа материалдармен танысып, мәдени мұраларды сақтау, қорғау, қор сақтау жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға қатысты мәліметтер жинақталып, қатысушыға арнайы сертификат табыс етілді.

Толығырақ...