Мы в социальных сетях

Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл

Статьи
01 Марта 2021
"Алатаудың əйгілі Жамбылымын,
Өлең-сөздің дəрия, даңғылымын"-деп ақынның өзі жырлағандай айтыстың алтын діңгегі, жыр жампозы-Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл.
Тізілген таулары бар Жетісудың,
Ішінде орман, тоғай біткен нудың,
Дариядай тулап аққан сол таулардан,
Көресің тамашасын аққан судың.
Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,
Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін;
Өрік, алма, алмұрт, жиде жемістер көп,
Бір татсаң аузыңнан дәм кетпейтін.
Карлы тау басы биік мұнар кетпес,
Сырласып бұлттарменен болған кептес,
Түрлі аңдар мекен етіп, өніп-өсіп,
Жүреді бір-бірімен боп тілектес.
Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық,
Сілеусін, жолбарыстар түнде жортып, —
Тулаған, аққан бұлақ тасқынында
Асаудай ойнақ салар балық шолпып.
Етегі сол таулардың мидай тегіс,
Тегіс жер гүлін жарған миуалы егіс,
Еліне мекен етіп еңбек қылған
Жегізер аямастан түрлі жеміс.
Алатау Жетісумен құшақтасқан,
Еліне қазыналы қойнын ашқан, '
Бауырында Қазақстан астанам бар, —
Бір бауыр орыс-қазақ араласқан.
Жайлау бар бұл тауларда шөбі шалғын,
Көк майса ойы, қыры бәрі балғын,
Қызығын сол жайлаудың көрсем десең, —
Шөбіне бауырың төсеп жатып алғың.
Ар жағы — еңреген ел Қытай жері,
Бер жағы — ен жайлаған қазақ елі,
Басында бахыт жырлап Жамбыл отыр,
Желбіреп қызыл жалау шығыс белі.

Другие новости

Мы в социальных сетях