Мы в социальных сетях

Алматы облысында "Таңбалы" қорық-музейінің сапар орталығы ашылды

Новости
15 Января 2021

Бүгін 26 қараша күні Алматы облысы Жамбыл облысы Қарабастау ауылында мәдениет және спорт министрлігіне қарасты "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің сапар орталығы ашылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

2018-2019 жылдары "Таңбалы" қорық музейінің "Сапар орталығы" бой көтерді. 2020 жылы көрме залын музейлендіру жұмыстары жүргізілді. 

Ғимараттың ашылуына мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Алматы облысының әкімінің орынбасары Рустем Әли, Жамбыл ауданының әкімі Бағдат Әлиев, Қазақстан мәдениетінің  ғылыми зерттеу институтының директоры Досбол Байгунаков, ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы кластерлік бюросының мәдениет бойынша өкілі Айгүл Халафова, т.б. басқа қонақтар қатысты.

“Таңбалы”қорық музейі сапар орталығының ашылуы

Вице-министр Нұрғиса Мұратұлы елбасының және мемлекет басшысының бастамасы бойынша мәдениет және спорт министрлігінің ашқан нысандарын атап өтті.

– Баршаңызды еліміз үшін аса маңызды іс-шарада қарсы алғаныма қуаныштымын. "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің ресми ашылуы тарихта қалатыны сөзсіз. Елбасының және мемлекет басшысының бастамасы бойынша мәдениет және спорт министрлігі мәдени игіліктің маңызды нысандарын ашты. Олардың ішінде Түркістан қаласында қасиетті орталықтың және Жамбыл ауданында бүгінгі сапар орталығының ашылғанын атап өткім келеді, – деді ол.

“Таңбалы”қорық музейі сапар орталығының ашылуы

 

ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы кластерлік бюросының мәдениет бойынша өкілі Айгүл Халафова тарихи мұраны жастарға дәріптеу орталықтың мақсаты екенін жеткізді.

– "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің сапар орталығы – тек облыс үшін емес, барша Қазақстан халқы үшін үлкен жетістік. Бұл нысан дүниежүзілік мұра болып есептеледі. Сол себепті барлық әлем үшін де мәртебе болып табылады. Қазақстанның барлық халқы осы орталықпен мақтанса деймін. Археологияны, мәдениетті, мұраны, тарихты өзгелерге түсіндіру – біздің қолымызда. Сапар орталығының бір мақсаты ұлттық нысанымызды жастарға дәріптеу болатын, – деді Айгүл Қадырқызы.

 “Таңбалы”қорық музейі сапар орталығының ашылуы

Екі қабатты ғимараттың жалпы аумағы – 1478,9 шаршы метр. Жаңа орталық заманауи үлгіде жабдықталған. Көрме залы, конференция залы, зертхана, кітапхана, кеңсе, келушілер үшін асхана және қонақүймен қамтылған. Ғимараттың сыртында 5 киіз үй тігілген дәстүрлі этноауыл бар. Олардың іші ұлттық стильде жабдықталған. Киіз үйдің ішінде қазақы үлгіде былғарыдан тігілген сөмкелер, ұлттық киімдер, тұрмыс-салт бұйымдары, аңшы құралдары қойылған.

“Таңбалы”қорық музейі сапар орталығының ашылуы

Орталықтың ашылу барысында "Жетісудың жартас өнері" атты ғылыми тәжірибелік конференция өтті. "Таңбалы" қорық-музейі ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Ринат Шарипов "Жетісу аумағындағы жартас суреттерін музейлендіру", археология ғылымының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультеті археология-этнология кафедрасының меңгерушісі Ринат Жұматаев "Археологиядағы жартас өнерінің ерекшелігі", тарих ғылымының кандидаты, ұлттық ғылым академиясының мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология иститутының жетекші ғылыми қызметкері Алтын Уалтаева "Жартас бейнелерінің мән-мағынасы", Қазақстанның Еңбек сіңірген экскурсоводы Бақыт Оразымбетова "Туризмді дамытудағы "Таңбалының" маңызы" тақырыбында баяндама жасады.

 

дайындаған-Құндызай Өтеген

Ссылка на сайт![/url]

Другие новости

Мы в социальных сетях