Мы в социальных сетях

Глава государства выступил с Посланием народу Казахстана

Новости
02 Сентября 2024

                      Бүгін «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының қызметкерлері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауын тыңдады.
                     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады.
                Президент сөзінің басында Парламент өткен сессияда 102 заң қабылданғанын атап өтті. Олардың қатарында қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске, ғылым және технология саясатына, жылу энергетикасына қатысты және басқа да заңдар бар.
                     Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуметтік салаға, соның ішінде балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінген.
Президент тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, азаматтардың жасампаздық әлеуетін толық ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру мемлекеттің маңызды міндеті екенін атап өтті.
 
 
 
Мы в социальных сетях