Біз әлеуметтік желілердеміз

Сыңғырлақтар

Экспонаттар
04 Ноября 2025

Сыңғырлақтар

     Қоғалы қоршауындағы қазба жұмыстары кезінде табылған екі сыңғырлақтар да қола материалынан құйылған, бүтін күйінде жасалған. Үстіңгі бөлігінде ілуге арналған тесігі бар шығыршық, ал астыңғы жағында – құймадан кейін ойылып жасалған резонаторлық тесік орналасқан. Қоршаудың тас қаландысының ішінен табылған сыңғырлақтар шар тәрізді (2,5 × 2,7 см), оның сыртқы беті әр жағында үш концентрлі шеңберден тұратын ойма сызықтармен әшекейленген. Екінші сыңғырлақ сәл бүйірінен қысыңқы (2,5 × 3,0 см), бір бетінде көлденең белдік бар, оның жоғарғы және төменгі жағына ара тістер тәрізді теңқабырғалы үшбұрыш пен ромб бейнелері сығу әдісімен түсірілген. Қарама-қарсы беті безендірілмеген, абразивпен тегістелген іздер сақталған.

   Сыңғырлақ Оңтүстік Сібір, Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Түркістанның көшпелі және жартылай отырықшы халықтары арасында кең таралған. Олар киімнің және жылқы әбзелдерінің құрамдас бөлігі ретінде пайдаланылған. Коғалыдан табылған сыңғырлақ VIII–X ғасырлар аралығына жатады.

Біз әлеуметтік желілердеміз