«Таңбалы» музей-қорығы
Белгісіз билеушінің тиыны

Белгісіз билеушінің тиыны.
Жақсы сақталған қола тиын, құйма, диаметрі 23 мм.
Алдыңғы бетінде – солға қарай үш төрттік бұрылған, сырғасы бар, қалпақ тәрізді бас киім киген билеушінің бейнесі. Бейненің екі жағында қысқа соғды жазулары орналасқан: bgy («мырза») және prn («даңқ»).
Тиынның артқы бетінде – таңба бейнеленген.
Тиын сирек кездесетін типке жатады, 20-дан астам данасы белгілі, бірақ олардың көпшілігі ғылыми түрде құжатталмаған. Осындай екі тиын Қырғызстандағы Шу аңғарындағы Ақбешім қалашығынан табылған, ол Батыс Түрік және Түргеш қағанатының астанасы – Суяб қаласымен сәйкестендіріледі. Тағы бірнеше үлгі Ыстықкөл маңынан, Қытай аумағындағы Іле аңғарынан және Қазақстанның оңтүстігіндегі Арыс өзені бойынан табылған.
Түркі-соғды нумизматикасы бойынша мамандар бұл монета түрін VII ғасырдың ортасы – VIII ғасырға жатады деп мерзімдейді [1].
Коғалыдан табылған үлгі ескерткіштерді нақты мерзімдеуге тек шартты түрде ғана негіз бола алады. Алайда, маңыздысы – бұл тиын Шу–Іле өңіріндегі ертеортағасырлық көшпелілер ареалында, транзиттік сауда жолдарынан және қалалық орталықтардан тыс табылған әзірше жалғыз нумизматикалық олжа болып отыр.
3D Тур Таңбалы