Біз әлеуметтік желілердеміз

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейімен  шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңалықтар
16 Декабря 2021

Құрметті Отандастар!
Баршаңызды республика  тарихындағы қастерлі де ұлттық мереке - Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейімен  шын жүректен құттықтаймыз!
    Біз тәуелсіз еліміздің  бүгінгі биігін армандаған бабаларымыздың асыл мұраттары алдында, жан алысып, жан беріскен алмағайып замандарда азаттық үшін күрескен аталарымыздың  аманаты алдында, ел бостандығы жолында құрбан болған есіл ерлеріміз бен «Желтоқсан жаңғырығына» айналған   жалынды жастарымыздың  мәңгі өшпес рухы алдында бас  иіп , тағзым етеміз.
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын!
Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңізге табыс тілейміз!

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз