Біз әлеуметтік желілердеміз

А. Балаева: Министрлік Әділетті Қазақстанның құрылуы жолындағы жұмысты жалғастыратын болады

Жаңалықтар
15 Февраля 2024

           
          Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ведомствоның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын жариялады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
        «Министрлікті құру барысында, Мемлекет басшысы Үкімет алдына ауқымды міндеттер қойды. Атап айтқанда, бәсекеге қаблетті, жаһандық контексте бірегей мәдениетін сақтаған ұлттық болмысымызды қалыптастыру арқылы мемлекет пен қоғамның үйлесімді дамуын, ішкі идеологиялық және сыртқы имидждік әлеуетін, азаматтарымыздың ел ертеңіне сенімділігін қамтамасыз ету. Әрине, осындай стратегиялық ірі міндеттің үдесінен шығу үшін біз министрлік құзыретіндегі барлық салалар мен бағытттардағы жоспарларымызды сараптап, жаңа деңгейге көтердік», – деді Аида Балаева. Сонымен қатар министр биыл көптеген жаңа жобалар мен бастамалар жоспарланып отырғанын да атап өтті.

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз