«Таңбалы» қорық-музейі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Таңбалы» мемлекеттік тарихи - мәдени және табиғи музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Таңбалы» мемлекеттік тарихи - мәдени және табиғи музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бос орындарға конкурс жариялайды
Бос жұмыс орны: Біліктілігі жоғары деңгейлі бухгалтер маманы;
Жалақы : 170.000-190. 000 тг аралығында;
Қызметтік міндеттері:
-мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есепке алуды ұйымдастыру және есептілікті жасау бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және әдістемелік материалдар;
-ұйымдағы бухгалтерлік есептің нысандары және әдістері;
-бухгалтерлік есеп учаскелері бойынша құжат айналымын ұйымдастыру;
-негізгі құралдардың, тауар-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есепке алу шоттарында құжаттамалық ресімдеу және көрсету тәртібі;
-еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және бухгалтер лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
Бос жұмыс орны: Біліктілігі жоғары деңгейлі заңгер маманы;
Жалақы : 170.000-190. 000 тг аралығында;
Қызметтік міндеттері:
-кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және әдістемелік материалдар;
- кәсіпорынның профилі, мамандануы және құрылымының ерекшелігі;
заңнаманың азаматтық, кәсіпкерлік, әкімшілік, қаржылық, салықтық және өзге де салалары;
- төрелік іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздері;
- құқықтық құжаттар жөніндегі іс жүргізу стандарттары;
- мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, сот органдарының құрылымы;
-заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, құқықтық құжатты жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі;
-әкімшілендіру негізі, іскери байланыс этикасы;
-экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;
-еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары. Біліктілікке қойылатын талаптар:
- кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және бухгалтер лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
Бос жұмыс орны: Біліктілігі жоғары деңгейлі инспектор маманы;
Жалақы : 170.000-190. 000 тг аралығында;
Қызметтік міндеттері:
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен жануарлар дүниесі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілері;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақта жұмысты ұйымдастыруға қатысты ұйымдық-өкімдік құжаттар мен әдістемелік материалдар;
- ұстау, алып қою хаттамаларын толтыру, өртке қарсы, орман қорғау және табиғат қорғау іс-шаралары жөніндегі перспективалы және ағымдағы қажеттіліктерді айқындау тәртібі;
- өрттерді сөндірудің, орман тәртібін бұзудың алдын алаудың және басқа да орман қорғау іс-шараларының жедел жоспарларын жасау тәртібі.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды дайындау бағыттарының бірі: өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық (құқық) және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс) бойынша немесе экология және табиғатты пайдалану, биология бойынша орташа (немесе орташа оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Толық ақпаратты 8 701 929 85 45 телефоны бойынша алуға болады