«Таңбалы» қорық-музейі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің онлайн форматта кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.
Жаңалықтар
25 Июня 2021
Жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Президенті Әкімшілігі мен қоғамдық кеңес өкілдері, Парламент депутаттары, Министрлікке бағынысты мекемелер мен жергілікті атқарушы орган басшылары қатысты.
2020 жылдың жұмысы мен 2021 жылға деген жоспарлармен бөлісті.
2020 жылда, ел үшін ерен еңбегін сіңірген Мәдениет, спорт, туризмге қатысты майталмандарға алғыс айтылды.
Туризмге тоқтала келе, ішкі және сыртқы туризмді жандандыру және дамыту бағытында еңбек етілетіні жайлы айтылып, инвестиция көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарының санын көбейту, инфрақұрылымды дамыту негізгі жоспарда бар екені атап айтылды.
Алқа мәжіліс соңында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов нақты тапсырмалар беріп, биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясындағы іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру керегіне атап өтті. Сондай-ақ спорт пен мәдениет саласын сандық форматқа ауыстыру жол картасын кезең-кезеңімен дайындауды тапсырды.