«Таңбалы» қорық-музейі
Мәдениет және спорт министрі спорт нысандарының жұмысымен танысты
Бүгін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған республикалық мектеп-интернат-колледжіне, Ұлттық спорт университетіне, сондай-ақ «Qazaqstan» жеңілатлетика спорт кешеніне барды.
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев пен ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев спорт кешендерінің жұмысымен таныстырып, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Спорттық нысандарды аралау барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары жетістіктер спорты және дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың келешегі талқыланды.
Дәурен Абаев спорттық инфрақұрлымды дамытып, балалар мен жасөспірімдердің сапалы дайындық жұмыстарына ерекше мән беру керектігін айтты.
«Спорт инфрақұрылымының қолжетімділігі мен инклюзивтілігіне ерекше назар аудара отырып, оны дамыту қажет. Нысандарды кадрлық және материалдық-техникалық жабдықтау мәселелерін бақылауда ұстау да маңызды», - деп атап өтті министр.