«Таңбалы» қорық-музейі
«Шу-Іле таулары — әлемдік табиғи және мәдени мұра кеңістігі»
Жаңалықтар
06 Мая 2025
2025 жылдың 6 мамырында Шу-Іле тауларының ботаникалық және тарихи маңызы зор нысандарына арналған біркүндік пресс-тур өтті.
Пресс-турдың басты мақсаты — сирек кездесетін өсімдіктер мен археологиялық мұра нысандарын көрсету арқылы қоғам назарын табиғи және мәдени мұраларды қорғау мәселесіне аудару.
Қатысушылар Жетісулық Недзвецки (Niedzwetzkia semiretschenskia) өсімдігінің гүлдену кезеңін табиғи ортада тамашалап, Шу-Іле тауларындағы бірегей археологиялық ескерткіштерді аралады. Бұл ескерткіштер «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының кеңейтілген аумағына енгізілуі мүмкін объектілер қатарында таныстырылды.
Бағдарлама аясында ғылыми презентациялар, пікір алмасу сессиясы және табиғатты қорғауда медианың рөліне арналған ашық пікірталас өтті. Ашық сессия барысында сөз сөйлегендер:
• Владимир Геннадьевич Эпиктетов — Қазақстан флорасын зерттеуші, Институттың дендрология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, жобаның ғылыми кеңесшісі;
• Алексей Евгеньевич Рогожинский — археолог, тарих ғылымдарының кандидаты, «Таңбалы» музей-қорығының бас ғылыми қызметкері;
• Александр Владимирович Дубынин — табиғатты қорғау биологиясының маманы, жоба жетекшісі.
Пресс-тур «Шу-Іле тауларының ботаникалық маңызы бар негізгі территорияларын қорғайық: сараптамалық бағалаудан қорғау шараларына дейін» жобасы аясында жүзеге асты.