«Таңбалы» қорық-музейі
«Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының жылдық жопарына сәйкес жырдың қара жорғасы-Үмбетәлі Кәрібаевтың әдеби-мемориалды музейінде «Таңбалы-тарихтан сыр шертеді
Жаңалықтар
28 Июля 2022
Бүгін «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының жылдық жопарына сәйкес жырдың қара жорғасы-Үмбетәлі Кәрібаевтың әдеби-мемориалды музейінде «Таңбалы-тарихтан сыр шертеді» атты жылжымалы көрме бастау алды. Көрмені Үмбетәлі Кәрібаевтың әдеби мемориалды музейінің меңгерушісі Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ақын, «Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы» Әуелбек Ысқақов құттықтау сөзімен ашып, Жамбыл ауданының тарихи- мәдени ошақтары, танымал тұлғалары туралы тың деректерімен бөлісті. Ресми бөлімнен кейін музейге келген қонақтар, ауыл тұрғындары және мектеп жанынан ұйымдастырылған жазғы лагерь оқушылары «Таңбалы» музей-қорығының жылжымалы сурет-көрмесімен танысты. Аталған шараны ұйымдастыруға қолдау танытқан Ү.Кәрібаевтың әдеби-мемориалды музейінің ұжымына және ауылдық-округ әкімдігіне алғыс білдіреміз.
Көрменің ұзақтығы шілде айының 28 мен тамыз айының 8 аралығын қамтиды.