«Таңбалы» қорық-музейі
«ІІІ Халықаралық жазғы мектебі»
Жаңалықтар
10 Сентября 2024
2024 жылдың 10 қыркүйегі ЮНЕСКО аясындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығында «ІІІ Халықаралық жазғы мектебі» іс-шарасының ашылу салтанаты өтті, аталмыш шарада «Таңбалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының директоры Б.Дандығараева құттықтау сөз сөйледі.
Музей-қорық конференция қатысушыларының назарына «Ұлы дала тарихы-ұлт тарихы» атты ақпараттық көрмесін ұсынды.
Іс-шара аясында Таңбалы музей-қорығының директоры мәдени-білім қызметінің бағыттарының бірі музейлік педагогика бойынша Алматы облысының білім басқармасына қарасты мектептерде жүйелі түрде музейлік сабақ циклын ұйымдастырып отырғандығы жайлы сөз қозғады. Ондағы мақсат жас ұрпаққа еліміздің мәдени-тарихи мұрасын сақтау, дәріптеу және насихаттау арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру, мектеп бағдарламасына қосалқы көмек көрсету екенін атап өтті.



