«Таңбалы» қорық-музейі
Қ.Алтынбековтың 70 жылдығына орай «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қалпына келтіру және қайта құру» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді
Жаңалықтар
02 Декабря 2022
2022 жылдың 2 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археология, этнология және музеология кафедрасы «Остров Крым» ғылыми-реставрациялау зертханасымен бірлесіп, белгілі суретші-реставратордың, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қ.Алтынбековтың 70 жылдығына орай «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қалпына келтіру және қайта құру» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Конференцияның пленарлық отырысына белгілі қазақстандық мемлекет қайраткерлері, ЖОО басшылары, ғылыми-зерттеу мекемелерінің директорлары, Жазушылар, музей директорлары, сондай-ақ шетелдік ғалымдар қатысты.
Конференция аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайында Қырым Алтынбековтің қалпына келтіру зертханасы жұмысының қорытындысы бойынша көрме ашылды, ол желтоқсан айына дейін жалғасады. Сондай-ақ, тарих факультетінде Қ.Алтынбеков атындағы фойенің салтанатты ашылуы өтті.



