«Таңбалы» қорық-музейі
«Табысты әйел: Кәсіби жетістік пен өмірлік тепе-теңдік тақырыпта дөңгелек үстел
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында «Табысты әйел: Кәсіби жетістік пен өмірлік тепе-теңдік тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Әр саладағы елімізге танымал табысты әйелдердің өмірбаяны және мансабына ақпараттық шолу жасалды. Қатысушылар мансап пен жеке өмір арасындағы үйлесімділік, табысқа жету жолдары және әйелдердің кәсіби дамуы туралы ой бөлісті.