Біз әлеуметтік желілердеміз

Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар

Жаңалықтар
15 Мая 2024

            «Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтері» ЮНЕСКО тізіміне ұсынылуының мерейтойына орай, «Таңбалы» музей-қорығы «Жиырма жылдан кейін: ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне Орта Азияның жартас өнері ескерткіштері номинациялаудың жетістіктері мен жаңа перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастыруда.
             «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен жартас өнері бойынша жетекші мамандарды – археологтар мен консерваторларды тәжірибе алмасу және өңірдің көрнекті ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне одан әрі ұсынуға қатысты өзекті мәселелерді талқылау мақсатында семинарға шақырады.
Сарапшылардың баяндамалары мен пікірталас материалдары «Таңбалы» музей-қорығының арнайы басылымында жарияланады.
Біз әлеуметтік желілердеміз