Біз әлеуметтік желілердеміз

«Таңбалы» музей-қорығы Қарғалы ауылында вандализмге қарсы танымдық дәріс өткізді

Жаңалықтар
08 Декабря 2025

Желтоқсан айының 8-жұлдызы «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы Қарғалы ауылы, №1 мектеп-лицейінде «Вандализм: мәдени мұраға қауіп» тақырыбында танымдық дәріс ұйымдастырып, өткізді.
Дәріс барысында тарихи-мәдени мұра объектілеріне келтірілетін зиян түрлері, вандализмнің себептері мен қоғамға тигізетін теріс әсері, сондай-ақ петроглифтерді қорғау бойынша заңнамалық нормалар жан-жақты түсіндірілді.

Біз әлеуметтік желілердеміз