«Таңбалы» қорық-музейі
«Таңбалы» музей-қорығы қазақтың ұлттық киімін дәріптеу мақсатында «Дәстүрлі жұма» бастамасын қолдайды
«Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы қазақтың ұлттық киімін дәріптеу, дәстүр мен мәдени мұраны насихаттау мақсатында «Дәстүрлі жұма» бастамасын қолдайды.Осы бастама аясында музей-қорық қызметкерлері әр жұма ұлттық киім киіп, қазақы дәстүрлердің күнделікті өмірге енуіне өз үлесін қосады.