«Таңбалы» музей-қорығы
Қазақ киімінің ерекшеліктері туралы музейлік дәріс

Наурызнама онкүндігі аясында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы №1 мектеп-лицейінде «Қазақ киімінің әлеуметтік және жас ерекшеліктері» тақырыбында музейлік дәріс өткізілді. Дәріс барысында ұлттық киімнің адамның жасы мен әлеуметтік мәртебесін білдіретін мәдени маңызы таныстырылды. Қатысушылар әртүрлі киім үлгілерімен танысып, олардың мән-мағынасы туралы мәлімет алды. Іс-шара слайд-презентация және музейлік материалдармен толықтырылып, оқушылардың қызығушылығын арттырды.



3D Тур Таңбалы