«Таңбалы» қорық-музейі
«Сулайман-Тоо» тарихи-археологиялық музей-комплексында «Таңбалы: ғылыми таным мен туристік мүмкіндіктер» атты Халықаралық фото көрмесі өтті
Жаңалықтар
23 Апреля 2025
Бүгін, сәуір айының 23 жұлдызы Қырғызстан Республикасы, Ош қаласы, «Сулайман-Тоо» тарихи-археологиялық музей-комплексында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының «Таңбалы: ғылыми таным мен туристік мүмкіндіктер» атты Халықаралық фото көрмесі өтті.
Көрмеге Қырғыз Республикасы, Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрлігінің өкілі Досбаев Топчубай Жоробаевич, Ош қаласындағы Қазақстанның Бас консулы Карибай Мухтар Ахатович, Қырғыз елдерінің ассамблеясының өкілі Караев Бердикул Калилович және Р.Абдыкадыров атындағы филармониясының өкілдері қатысты.
Көрмеге Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтерінің суреттері мен жартас суреттерін консервациялау мен қалпына келтіру жұмыстары барысында түсірілген суреттер қойылды.
Сондай-ақ, Халықаралық фото көрме аясында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы мен «Сулайман-Тоо» тарихи-археологиялық музей комплексі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.



