«Таңбалы» қорық-музейі
«Өткеннің өнегесі-бүгіннің баға жетпес байлығы» атты ғылыми дәріс
Қаңтар айының 27-жұлдызы «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ғылыми қызметкерлері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Тарих факультетінің» Археология және этнология кафедрасында «Өткеннің өнегесі-бүгіннің баға жетпес байлығы» атты ғылыми дәріс өткізді. Дәріске кафедра оқытушылары Есенаманова А., Спатаев С., Тұрғынбаев Е., Қыдырғалиқызы А. және 1-2-3 курс студенттері мен магистранттары қатысты.