«Таңбалы» қорық-музейі
«ТАҢБАЛЫ» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЖӘНЕ ТАБИҒИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығына сәйкес Бибігүл Дандығараева «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» РМҚК директоры қызметіне тағайындалды.
Мекеме ұжымына жаңа басшыны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Қапашев Айдын Боранбайұлы таныстырды.
Бибигүл Дандығараева 1968 жылы 20 мамырда Алматы облысында дүниеге келген. Білімі жоғары.
* 2016 ж. – «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі;
* 28.08.2020 ж. – «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі;
* 02.12.2021 ж. – «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі;
* 04.03.2022 ж. – Балқаш Ауданының құрметті азаматы атағы;
* 17.03.2022 ж.– «Парасат» ордені (Қазақстан Республикасы президентінің жарлығы бойынша).
* Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай «Құрмет грамотасы» (2018 ж.);
* Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Д.Абаевтың «Қаңтар оқиғасы» кезінде тарихи-мәдени құндылықтарды сақтап қалуына табанды ерлік көрсеткені үшін берген «Құрмет грамотасы» (2022 ж.)
Еңбек жолы:
* 26.09.1990-01.09.1998 жж. – Қарағанды Металлургиялық Институтының экономикалық теория кафедрасының оқытушысы, Қарағанды қаласы;
* 08.10.1998- 06.06.2000 жж. – Алматы қаласы Орта Азия университеті, Қазақстан тарих пәнінің оқытушысы, Алматы қ.;
* 01.09.2001-01.07.2002 жж. – №9 мектеп - интернатының тарих пәні мұғалімі, Алматы қ.;
* 04.02.2003-05.04.2004 жж. – ҚР Мемлекеттік орталық музейінің Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері;
* 05.04.2004-17.03.2006 жж. – ҚР Мемлекеттік орталық музейінің экспозицияларды сақтауды қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі;
* 17.03.2006-01.03.2012 жж. – ҚР Мемлекеттік орталық музейінің кадр жұмысын ұйымдастыру тобының жетекшісі;
* 01.03.2012 - 14.10.2022 ж. - ҚР Мемлекеттік орталық музей директорының музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары.