«Таңбалы» қорық-музейі
«Таңбалы –тарихтан сыр шертеді» атты жылжымалы сурет-көрмесі
Бүгін айтыстың алтын діңгегі- Сүйінбай Аронұлының әдеби –мемориалды музейінде «Таңбалы» мемлекеттік тарихи- мәдени және табиғ музей-қорығының «Таңбалы –тарихтан сыр шертеді» атты жылжымалы сурет-көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Көрмеге музей қонақтары, мектеп оқушылары және ауыл тұрғындары қатысып, ашық аспан астындағы көне дәуір шежіресі туралы танымдық ақпараттармен танысты. Көрме жұмысын ұйымдастыруға ұйытқы болған С.Аронұлының әдеби мемориалды музейінің еңбек ұжымы мен меңгерушісі А.Садуақасоваға алғыс білдіре отырып, жоспарлы жұмыстарына сәттілік тілейміз!