«Таңбалы» қорық-музейі
«Таңбалы» музей-қорығы мен «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қараша айының 7 жұлдызы күні «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы мен ҚР Тұңғыш президентінің «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы арасындағы меморандумға қол қойылды. Мұндай ынтымақтастық тек екі мекеме үшін ғана емес, жалпы еліміздің мәдениеті мен туризмін дамыту үшін де үлкен маңызға ие. Қазақстанның мәдени және тарихи мұрасын сақтау мен танытудағы маңызды қадам болып табылады.
Меморандумның негізгі бағыттары:
- Бірлескен мәдени жобалар: «Таңбалы» музей-қорығы мен «Атамекен» орталығы арасында меморандум негізінде мәдени және білім беру жобаларын ұйымдастыру, көрмелер немесе тарихи тақырыптағы мәдени шаралар өткізілетін болады.
- Туризмді дамыту: Екі ұйым да туристік бағыттарды дамытуға бағытталған. Бұл меморандум арқылы бірлесіп туристік маршруттарды әзірлеу, экскурсиялар мен сапарлар ұйымдастыру сияқты шаралар жүзеге асырылады.
- Білім беру мен ғылыми зерттеулер: Меморандум аясында археология, этнография және тарих саласындағы зерттеулерді ынталандыру, ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізу қарастырылады. Мұндай шаралар қоғамдық білімді арттыруға, жастарды ұлттық тарих пен мәдениетке тартуға бағытталған.
- Құндылықтарды сақтау және қорғау: Таңбалы сияқты археологиялық ескерткіштерді сақтап қалу мен қорғау үшін бірлескен күш-жігер жұмсау.