Біз әлеуметтік желілердеміз

Өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Жаңалықтар
08 Августа 2022

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Геральдикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Асылбек Баяжұма бастаған тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Көркем Академиясының академигі Әбсемет Марат Оралбайұлы және орталықтың бөлім басшысы Жарқынбек Жұмаділұлы арнайы жұмыс сапарымен «Таңбалы» музей-қорығына келді. Іссапардың негізгі мақсаты Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының арнайы тапсырмасына сәйкес Қазақстан петроглифтер картасын қалыптастыру жоспары бойынша ақпараттар жинап, зерделеу жұмыстарын жүргізу. Осы орайда, ұлтымыздың тарихи және мәдени мұрасын сақтау негізінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Геральдикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» республикалық кәсіпорны арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз