Біз әлеуметтік желілердеміз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы

Жаңалықтар
08 Сентября 2025

       «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының қызметкерлері бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдап, онда көтерілген стратегиялық міндеттерді қолдады.

Жолдауда еліміздің болашақтағы даму бағыты айқындалып, жасанды интеллект пен цифрлық трансформацияның маңызды рөлі атап өтілді.
• Жасанды интеллект пен технологиялық серпіліс – экономикалық өсімнің басты қозғаушы күші;
• Цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру – ұлттық деректер қорын нығайтып, киберқауіпсіздікті арттыру;
• Адами капиталды дамыту – жаңа буын IT мамандарын даярлау, ғылым мен инновацияны қолдау;
• Әлеуметтік салаларды жаңғырту – денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қаржы, көлік және өзге де салаларда тиімділікті көтеру;
• Жаһандық бәсекеге қабілеттілік – Қазақстанды өңірлік әрі әлемдік технологиялық орталыққа айналдыру.
Бұл стратегиялық құжат – еліміздің жаңа дәуірге қадам басқанын көрсететін маңызды бағдаршам. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамаларын қолдай отырып, еліміз әлемдік цифрлық өркениетке өз үлесін қосуға бағыт алып отыр.

 

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз