Біз әлеуметтік желілердеміз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты

Жаңалықтар
11 Января 2022

Үстіміздегі жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысып, елдегі саяси ахуалды тұрақтандыру және Қазақстан халқының әлеуметтік - экономикалық жағдайын қамтамасыз ету бағытында кеңінен баяндама жасады.
Мемлекет басшысының жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды.
Мәжілісте жаңа Үкімет құрамына тапсырмалар беріліп, төтенше жағдайдан зардап шеккен аймақтарды қысқа мерзімде қалпына келтіру жұмыстары нақтыланды.
Президенттің Қазақстан халқының болашағы мен бірлігі үшін жоспарланған жаңа бастамаларына қолдау танытып, ел игілігі жолындағы еңбегіне сәттілік тілейміз!

Біз әлеуметтік желілердеміз