«Таңбалы» қорық-музейі
Түркі әлемі музей-қорық басшыларының тәжірибе алмасу
Жаңалықтар
27 Сентября 2024
Ыстамбұл қаласында Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының ұйымдастыруымен өткен түркі әлемі музей-қорық басшыларының тәжірибе алмасу бағдарламасына «Таңбалы» музей-қорығының директоры Б.Дандығараева қатысып отыр. Қазіргі таңда еліміздегі музей-қорықтар әлемге танымал шетелдік мұражайлар мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, ортақ жобаларды табысты жүзеге асыруда.
Бағдарламаның алғашқы отырысы «Таңбалы» музей-қорығында өткен «Түркі халықтарының рухани құндылықтары мен мәдени мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция аясында ұйымдастырылды.



