«Таңбалы» музей-қорығы
«Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтері» дүниежүзілік мұра нысанын басқару

2026 жылғы 13 қаңтар – 26 ақпан аралығында «Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтері» дүниежүзілік мұра нысанын басқару тақырыбында семинар-тренингтің алғашқы күні өтті.
Семинар-тренингтің тақырыбы:
«Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтері» дүниежүзілік мұра нысанын басқару
Мақсаты мен міндеттері:
Материалдық мәдени мұраны сақтау саласындағы ұлттық және халықаралық заңнаманың негіздерімен, сондай-ақ Таңбалы кешенінің негізгі құжаттамасымен, дүниежүзілік мұра нысанын басқару, сақтау, зерделеу және таныстыру қызметін реттейтін теориялық қағидалар мен нормаларды меңгерту; қажетті білімдерді жаңарту, оларды қолдану дағдыларын игеру, практикалық және кәсіби құзыреттерді дамыту.
Өткізу мерзімі:
2026 жылғы 13 қаңтар – 26 ақпан
Аптасына сағат саны:
4 сағат
Барлығы:
28 сағат
Талқылау уақыты:
30 минут
Қатысушылар:
ғылыми-зерттеу, тарихи-мәдени объектілерді қорғау және мәдени білім беру бөлімдерінің қызметкерлері
Лектор:
археолог, тарих ғылымдарының кандидаты, «Таңбалы» музей-қорығының бас ғылыми қызметкері Алексей Евгеньевич Рогожинский

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

3D Тур Таңбалы