Біз әлеуметтік желілердеміз

Ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті

Жаңалықтар
25 Июня 2026

2026 жылғы 25 маусым күні «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында Ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес барысында қолданыстағы экскурсиялық маршруттарды жетілдіру, келушілер ағынын тиімді ұйымдастыру, тарихи-мәдени мұраны сақтау, жаңа экскурсиялық бағыттарды әзірлеу, экскурсия мәтіндерін жаңарту және қауіпсіздік талаптарын күшейту мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзекті өзгерістер бойынша тоқсан сайынғы оқыту өткізілді. Қатысушыларға заңнамадағы жаңашылдықтар түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы негізгі талаптар мен қағидалар талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге қатысты ұсыныстар мақұлданып, алдағы жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды.

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз