«Таңбалы» қорық-музейі
"Есік" музей- қорығының қызметкерлері тәжірибе алмасу мақсатында "Таңбалы" музей-қорығына арнайы жұмыс сапарымен келді.

Жуырда "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей- қорығының қызметкерлері тәжірибе алмасу мақсатында "Таңбалы" музей-қорығына арнайы жұмыс сапарымен келді. Алдымен "Таңбалы" сапар орталығы ғимаратымен танысқан әріптестеріміз, көрме залын тамашалап, музей саласындағы ортақ мәселелер бойынша пікір алмасты. Күннің екінші жартысы "Таңбалы" кешеніне саяхатпен жалғасты.





3D Тур Таңбалы