Біз әлеуметтік желілердеміз

Танбалы музей-қорығының қызметкерлері орта мектеп оқушыларына арнайы дәріс ұйымдастырды

Жаңалықтар
09 Октября 2024

          «Таңбалы» музей-қорығының қызметкерлері Панфилов ауданы, Жаркент қаласының «Шоқан Уалиханов» атындағы орта мектеп оқушыларына арналған арнайы дәріс ұйымдастырып, ескерткіштерді дәріптеу және насихаттау жұмыстарын жүргізді. Бұл шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа тарихи мұраны таныстыру арқылы отансүйгіштік сезімін қалыптастыру. Дәріс барысында оқушыларға Таңбалының тасқа салынған ежелгі таңбалары мен археологиялық ескерткіштерінің мәні мен маңызы түсіндірілді. Мектеп оқушыларына аталған тарихи орындардың қазақ халқының мәдениетінде алатын орны, ұлттық құндылықтар жайында жан-жақты ақпарат беріліп, оларды сақтау мен қорғау маңызды екені айтылды.

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз