Біз әлеуметтік желілердеміз

«Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайында» өткен мәдени іс-шара.

Жаңалықтар
10 Марта 2017

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген «Таңбалы» қорық-мұражайы – көне дәуірдің баға жетпес байлығы болып табылады. Мұнда негізінен әлемде сирек кездесетін петроглифтер, ежелгі адамдардың қоныстары, қорғандары және тағы да басқа тарихи мұралар сақталған. Үстіміздегі жылы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмеге келетін қонақтар үшін Қазақстан бойынша 73 туристік –демалыс бағыттарын белгіледі. «Таңбалы» қорық-мұражайы да «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне келген қонақтардың демалыс бағыттарының бірі ретінде бекітілді.

«Таңбалы» қорық-мұражайын» халықаралық деңгейде насихаттау барысында «Ежелгі Жетісу. Жамбыл ауданының археология ескерткіштері» атты екі тілдегі жаңа ғылыми кітап жарыққа шықты. Жаңа басылымды оқырман қауымға таныстыру мақсатында үстіміздегі жылдың 18-қаңтарында сағат 11-де Жамбыл аудандық кітапханасында мектеп оқушылары, БАҚ өкілдері, мұражай қызметкерлері және аудан тұрғандарының қатысуымен жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз