Біз әлеуметтік желілердеміз

«Ұлт рухы - ұрпақ мұраты» тақырыбында Қазақстанның І мәдениет форумы ұйымдастырылды

Жаңалықтар
28 Мая 2022

27-28 мамыр күндері Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының және Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының базасында «Ұлт рухы  - ұрпақ мұраты» тақырыбында Қазақстанның І мәдениет форумы ұйымдастырылды.
Аталмыш форумға «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының директоры Әмірғалиев Мадияр Орынтайұлымен директордың ғылым жөніндегі орынбасары Шарипов Ринат Қалимолдаұлы қатысты.
Іс-шара барысында мәдениет саласының әр бағыттары бойынша (кітапхана, музей,музыка мен театр өнері) мәселелер көтеріліп, қазіргі таңдағы мәдениет саласының жетістіктері мен өзекті мәселелері туралы баяндамалар оқылды. 
ҚР Мәдениет және спорт министрі Д.Абаев мәдениет саласын ерекше атап өтіп , мәдениет саласының қайраткерлерінің марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.
 
 
 
 
 

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз