Біз әлеуметтік желілердеміз

“Есік” музей-қорығында «Таңбалы шатқалындағы қола дәуірінің қорымдары» атты көрме ашылды

Жаңалықтар
31 Июля 2024

          31-шілде күні «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ұйымдастыруымен «Таңбалы шатқалындағы қола дәуірінің қорымдары» атты көрме ашылды.
Іс-шараның салтанатты ашылуында «Есік» музей-қорығының директоры Мұхтарова Гүлмира Райылқызы, «Таңбалы» музей-қорығының директоры Дәндіғараева Бибігүл Дәндіқарақызы, ҚХР, Хэнань университетінің География және қоршаған орта институтының профессоры Ран Мин және т.б. қонақтар сөз сөйлеп, өздерінің жүрек жарды тілектерін білдірді.
       «Есік» музей-қорығында ұйымдастырылған көрменің ашылуына «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» КММ-нің басшысы Аблаев Талғат Алдақуатұлы, Алматы облысы балалар жасөспірімдердің спорттық туризм және экскурсия орталығының директоры Ақбаев Мұрат Тілепбердіұлы, осы орталықтағы «Өлкетану» үйірмесінің жетекшісі Бүтімбаева Жанаткүл Машанқызы, Еңбекшіқазақ ауданы Мәдениет бөлімінің мамандары мен қатар «Жетісу» телеканалы мен «Алатау арайы» облыстық газетінің меншікті тілшілері келді.
        Көрмеге қола дәуіріндегі жерлеу мәдениетінің ерекшелігін көрсететін қыш ыдыстар, сүйектен жасалған ине және қоладан жасалған әшекей бұйымдар (ұстара, сырға, моншақ, жебенің ұшы), сондай-ақ 2024 жылы Алмалы және Қоғалы кешендеріне жүргізілген «Таңбалы» халықаралық тарихи-археологиялық экспедициясы барысында табылған, Қазақстанда өте сирек кездесетін металлдан жасалған тиын түрі (шамамен VІІ-VІІІ ғғ.) және металлдан жасалған садақшы бейнесіндегі (шамамен VІІ-VІІІ ғғ.) артефактілер қойылды.
        «Таңбалы» музей-қорығының жаңа қырларын ашатын, атқарылып жатқан игі ітсерін паш ететін «Таңбалы шатқалындағы қола дәуірінің қорымдары» атты көрмені келушілер 21 тамызға дейін тамашалай алады.
 
 
 
Біз әлеуметтік желілердеміз