«Таңбалы» қорық-музейі
«Таңбалы» музей- қорығында «Регель қызғалдағы» атты мәдени-танымдық шара ұйымдастырылды.
18 сәуір-Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні аясында «Таңбалы» музей- қорығында «Регель қызғалдағы» атты мәдени-танымдық шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Жамбыл аудандық «Өнер» мектебінің шәкірттері мен ұстаздары және Алматы облысына танымал суретшілер қатысты. «Таңбалы» сапар –орталығымен танысудан бастау алған іс-шара «Таңбалы » кешеніне саяхат және жас суретшілердің пленэрімен жалғасты. Қатысушылар табиғат аясында Таңбалының жартас өнерін, табиғатын, флора, фаунасын түрлі- түсті бояумен бейнелеп, музей қорына сыйға тартты. Шығармашылық шеберлікпен көзге түсіп, белсенділік танытқан жас суретшілер «Таңбалы» музей- қорығының арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.