«Таңбалы» музей-қорығы
«Таңбалы» музей-қорығында ғылыми әріптестік кездесу өтті
Жаңалықтар
17 Сентября 2026
ҚР Ұлттық орталық музейінің ұсынысымен «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында ғылыми тәжірибе алмасу, кәсіби байланыстарды нығайту және өзара әріптестік бағыттарын айқындау мақсатында кездесу өтті.
Кездесуге ортағасырлық тарих пен нумизматика саласының маманы, тарих ғылымдарының кандидаты, нумизмат Павел Николаевич Петров, Қазақстанның ортағасырлық тарихы мен мәдениетін зерттеуші ғалым, профессор, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР Ұлттық орталық музейі директорының ғылым жөніндегі орынбасары Нұрлан Әділбекұлы Атығаев және ҚР Ұлттық орталық музейінің Музейлік деректану және қолжазбалар бөлімінің жетекшісі, тарихшы Жасұлан Мазулаевич Белтенов қатысты.
Кездесу барысында бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу және іске асыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе алмасу және кәсіби байланыстарды дамыту бағыттары бойынша өзара ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды.
3D Тур Таңбалы