«Таңбалы» музей-қорығы
«Таңбалы» музей-қорығында ғылыми кеңес өтті
Жаңалықтар
31 Июля 2026

2026 жылғы 30 шілдеде «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес барысында музей-қорықтың ортаңғы аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштердің қазіргі сақталу жай-күйі қарастырылып, олардың тұрақты мониторинг нәтижелері талқыланды. Сонымен қатар антропогендік және табиғи факторлардың ескерткіштерге тигізетін әсері сараланып, оларды қорғау, консервациялау және сақтау бағытындағы ұсыныстар қабылданды.
Отырыста 2026 жылы жүргізілетін археологиялық қазба жұмыстарының нысандары, өткізу мерзімі және экспедиция құрамын бекіту мәселелері де қаралды.
Ғылыми кеңес қорытындысы бойынша тарихи-мәдени мұраны сақтау мен зерттеу жұмыстарын жетілдіруге бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.




3D Тур Таңбалы