Біз әлеуметтік желілердеміз

«Таңбалы» музей-қорығында француз археологтарының қатысуымен «Идеялар түні» ғылыми сессиясы өтті

Жаңалықтар
01 Мая 2025

      2025 жылдың 1 мамырында Қазақстан халқының мемлекеттік бірлігі мерекесіне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Таңбалы» музей-қорығында француз археологтарының қатысуымен «Идеялар түні» ғылыми сессиясы өтті.

         Іс-шара аясында француз және қазақстандық зерттеушілер арасында (археолог Алексей Рогожинский (Қазақстан), француз археологы, CNRS ғылыми қызметкері, ZooStan орталығының директоры доктор Уильям Ренду, сондай-ақ Орталық Азияның басқа да зерттеушілері) ғылыми диалог орын алды. Сонымен қатар, «Жақсылық акселераторы: Izgilik elshisi» Ұлттық волонтерлік қозғалысының волонтерлік пункті ашылып, «Идеялар түні» халықаралық мәдени жобасы шеңберінде қонақ дәрісі өткізілді.

         Іс-шараға Сорбонна-Қазақстан институтының директоры, ғ.ғ.д., профессор Айнұр Әлімханқызы Сәбитова, Пуатье Университетінің әдебиет және тілдер факультетінің халықаралық байланыс жөніндегі кеңесшісі - Линия Баджини  және  Франция Елшілігінің ынтымақтастық және мәдениет жөніндегі кеңесшісі - Алекс Бортолан қатысты

Другие новости

Біз әлеуметтік желілердеміз