«Таңбалы» қорық-музейі
Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында халқымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Ұлы дала тарихы – ұлт тарихы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды
Жаңалықтар
19 Марта 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарихы музейінде әз-Наурыз мерекесі қарсаңында халқымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Ұлы дала тарихы – ұлт тарихы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетінің деканы Байгунаков Досбол Сүлейменұлы мен археология және этнология кафедрасының меңгерушісі Жұматаев Ринат Серікұлы қатысып, келген қонақтар мен студенттерге тарихи-мәдени ескерткіштер бойынша Таңбалының мәнділігі мен маңыздылығын айтып өтті.
Көрменің ашылуына Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары мен ұстаздары да қатысып, қызығушылық танытты.






