«Таңбалы» қорық-музейі
II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар аясында «Өсімдіктерді сақтаудың жаһандық стратегиясы 2030 - өсімдіктер әлемінің тұрақтылығын сақтауға арналған» сессиясы өтті
Жаңалықтар
24 Апреля 2025
Сәуір айының 23-24 жұлдыздары «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында «Ботаника және фитоинтродукция» институтымен бірлескен «Ұлы Жібек жолының бақтары бау-бақша және егіншілік дәстүрлерінің, өсімдіктер мен дақылдардың тоғысуы - өткеннің мұрасы және қазіргі заман талабы» атты экспедициялық сапарларымен II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар аясында «Өсімдіктерді сақтаудың жаһандық стратегиясы 2030 - өсімдіктер әлемінің тұрақтылығын сақтауға арналған» сессиясы өтті.
Сессияға қатысушы шетелдік қонақтар Шу-Іле тауларының сирек кездесетін өсімдіктерімен қатар, Таңбалы музей-қорығының тарихи ескерткіштерімен де танысты.