Біз әлеуметтік желілердеміз

«Таңбалының тарихи ескерткіштерін қорғау мен сақтау» тақырыбында музейлік дәріс өтті

Жаңалықтар
22 Мая 2026

Іле ауданы, Көкқайнар ауылы №44 орта мектебінде «Таңбалының тарихи ескерткіштерін қорғау мен сақтау» тақырыбында музейлік дәріс өтті.
Дәрісті Таңбалы мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы аға ғылыми қызметкері Жәнібек Бекбасов жүргізіп, оқушыларға Таңбалы ескерткіштерінің тарихи маңызы, жартас суреттерінің ерекшелігі және мәдени мұраны сақтау жолдары туралы кеңінен мәлімет берді.
Кездесу барысында тарихи-мәдени мұраны қорғаудың маңыздылығы айтылып, жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған танымдық әңгіме өрбіді. Оқушылар өз сұрақтарын қойып, көне тарихқа қатысты тың ақпараттармен танысты.

 

Біз әлеуметтік желілердеміз