Біз әлеуметтік желілердеміз

«Таңбалы» музей-қорығының тарихи мұраларымызды кеңінен насихаттау мақсатындағы «Ұлы дала тарихы- Ұлт тарихы» атты жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды.

Жаңалықтар
31 Января 2023

А.Қарсақбаев атындағы орта мектебінде  көне дәуір шежіресі  «Таңбалы» музей-қорығының  тарихи мұраларымызды кеңінен насихаттау мақсатындағы  «Ұлы дала тарихы- Ұлт тарихы» атты жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды. Іс  - шара барысында музейдің ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Қ.Нұрмақсұтов жоғары сынып оқушыларына аталған тақырыпта дәріс оқып, ғылыми қызметкер Е.Тлепбергенов «Таңбалының жартас өнері» тақырыбында бейнебаянмен таныстырды.  Қатысушылар  туған өлкеміздің бай мұралары туралы тың ақпараттар алып,  жылжымалы көрмені зор қызығушылықпен тамашалады.  

Біз әлеуметтік желілердеміз