«Таңбалы» қорық-музейі
Қарасай ауданындағы Кенен Әзірбаев атындағы орта мектептің «Тарихқа тағзым» атты тарих пәнінің онкүндігінің ашылуында музейлік экскурсия
Жаңалықтар
17 Февраля 2025
Ақпан айының 17-жұлдызы «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Қарасай ауданындағы Кенен Әзірбаев атындағы орта мектептің «Тарихқа тағзым» атты тарих пәнінің онкүндігінің ашылуында музейлік экскурсия ұйымдастырып өткізді. Музейлік экскурсия барысында оқушылар мен мұғалімдер Таңбалы шатқалының петроглифтері мен олардың маңызы және Қазақстанның бай мәдени мұрасымен тереңірек таныс болды.


