????Шілде айының 18-жұлдызында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ұйымдастыруымен «Ақсу Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығында «Таңбалы шатқалындағы қола дәуірінің қорымдары» атты музейдің қор коллекциясынан жылжымалы көрме ұйымдастырылды.
????Көрмеде қола дәуіріндегі жерлеу рәсімдерінің ерекшеліктерін айқындайтын қыштан жасалған ыдыстар, сүйек инелер, қола әшекейлер және басқа да археологиялық артефактілер ұсынылды.