We are in social networks

  «Таза Қазақстан» республикалық акциясы

News
15 Апреля 2024

              «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сәуірдің 15 жұлдызы Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы бастаған облыс азаматтары, мәдениет басқармасы мен «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей қорығы қызметкерлері «Киелі мекен» эконауқаны аясында Іле өзені бойындағы Таңбалы-тас археологиялық ескерткіштерінің аумағын тазартты, және Жамбыл ауданы әкімдігі мен Жамбыл аудандық маслихат депутаттары, мәдениет үйі қызметкерлері, Жамбыл аудандық, Беріктас ауылдық округы, Мәттібұлақ ауылдық округы жастар ресурстық орталықтары қызметкерлері бірлесіп «Танбалы» музей-қорығының сапар орталығы аумағында ағаш отырғызып, кешен аумағында көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
              Эконауқан аясында бір апта бойы Алматы облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын жинау, абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.
 
 
 
 
 

Другие новости

We are in social networks